Педагогикалық шеберлік мектебі

2023 ж. 13 маусым

«ДАМУ» ШЕБЕРЛЕР  МЕКТЕБІ»

МАСТЕР-КЛАСС

          20.06.2023 ж. күні   Қарағанды  облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығының  ұйымдастырумен  «Даму»  шеберлер мектебі» жобасын  іске асыру шеңберінде мастер-класстар өтті.

        Іс-шараға Қарағанды облысы колледждерінің  «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары бар тәжірибелі 50-ге жуық педагогтер  қатысты.

         Аталған шарада колледжіміздің «Көркем еңбек» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші Төребаева Гакку Рымтаевна  «Сиқырлы  жіптен  сәнді  өрнек» тақырыбында мастер-класс көрсетті.

 

«Дирижерлық ету, дауыс қою және концертмейстерлер» циклдік әдістемелік комиссиясының дирижер оқытушысы, үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі өз іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Музыкалық аспаптар. Ағаш және мыс үрмелі аспаптар» тақырыбында республикалық онлайн ашық сабақ өткізді.

         Ашық сабаққа Ж. Досмұхаммедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі (Орал қ), Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі (Семей қ), Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі (Нұрсұлтан қ), М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледждерінің музыка бөлімінің оқытушылары қатысты.

2022-2023 Жумкина Д.Б.pptx

Жоба слайд Жумкина Д.Б..pdf

2022-23 Үздік IT сабақ, Нұрмағанбетов Нұртілеу Қайратұлы.pptx

 

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/