Вернуться к Новости и События
Событие

"Мен мұғаліммін" атты педагогикалық байқау

24.04.2023 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің 3-курс студенттері арасында «Мен мұғаліммін» атты педагогикалық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты ̶ болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті, кәсіби шебер, қойылған міндеттерді шығармашылықпен шеше білуге қабілетті тұлға әрі болашақ маман ретінде өзін-өзі қалыптастыруына көмек беру, ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру, танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Байқауға қатысушылар электрондық портфолиомен таныстырып, оқу сабағынан үзінді өткізді және шешендік өнер элементтерін пайдалана отырып, педагогикалық жағдаятты шешу тапсырмаларын орындады.
Аталған шараға 1-курс студенттері еріктілер құрамында, 2-курс студенттері көрермен ретінде қатысты.
Қазылар алқасында қаламыздағы Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Б.Ақжолтай, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, психология пәнінің оқытушысы С.Д.Джуманкулова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Б.Карманова болды.
Байқау жеңімпаздары: Жанатова Жансая I орын; Амантаева Толқын II орын; Жагыпарова Жанель, Рахман Альбина III орын.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


"Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі" ҚМКҚ

Другие новости и события по теме

Событие
April 25, 2023
BabySkills-2023 II халықаралық чемпионат

BabySkills-2023 II халықаралық чемпионат

Подробнее
Событие
April 25, 2023
"Мен мұғаліммін" атты педагогикалық байқау

"Мен мұғаліммін" атты педагогикалық байқау

Подробнее
Событие
April 25, 2023
Региональный конкурс профессионального мастерства

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы

Подробнее
Событие
April 25, 2023
Сыйынар ем, ана деген тәңірге

Подробнее

Как нас найти

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Показать адрес на карте
https://kgk.mycollege.kz/