Көркем еңбек мұғалімі

4S01140301
54395 қаралым

Сипаттама

Көркем еңбек мұғалімі балаларды оқыту жұмыстарын еңбекке баулу және тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелеріне сәйкес жүргізеді. Білім алушылардың еңбек қабілеттілігі мен дағдыларын, оларды практикада пайдалана алу дайындығын қалыптастырады. Еңбекке баулу жөніндегі жұмыс оқу жоспарлары мен басқа да оқу материалдарын құрастырады, олардың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Жазғы кезеңде қоғамға пайдалы өнімді еңбек пен оқушылардың еңбек бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады. Оқушылардың техникалық шығармашылыққа, рационалдылық пен өнертапқыштық қызметке деген ынталарын дамытады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құрал-саймандармен, техникалық құралдармен, көрнекілік оқу құралдарымен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастырады, олардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, құрылғыларды баптауды және жөндеуді ұйымдастырып, жүзеге асырады. Білім алушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысады.

Көркем еңбек мұғалімі әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарындағы балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысады, әрдайым өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырып отырады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады.

Көркем еңбек мұғалімінің орташа жалақысы 100 мың теңге шегінде, сондай-ақ еңбек өтіліне, жұмыс орны мен аймағына байланысты.

Біліктілік деңгейін арттыру үшін минималды тәжірибе – 3-5 жыл.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студент педагогиканы, психологияны, жас ерекшелік физиологиясын білуі тиіс, бейнелеу өнері, модельдеу, көркем безендірудің негізгі білім жүйесін меңгеруі тиіс.

Жас маман балалардың кабинетте болған кезінде олардың өмірі мен денсаулығы үшін жоғары жауапкершілік, әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Көркем еңбек мұғалімі танымдық және еңбек қызметінде, қол жабдықтарымен жұмыс барысында моториканы дамытуда және қол қимылдарын үйлестіруде, сондай-ақ түрлі технологиялық операцияларды орындау кезінде қозғалыстардың қажетті дәлдігіне қол жеткізудің қауіпсіз әдістерінің сақталуын бақылауы керек.

Маманның бойында мейірімділік, шыдамдылық, коммуникабельділік, сыпайылық, сезімталдық, әдептілік сияқты белгілі бір мінез-құлық қасиеттері болуы тиіс екендігін атап өткен жөн. Материалды тиімді әрі қызықты жеткізуі үшін мұғалімнің бойында шығармашылық пен ынталандыра алу қабілеті де болу керек.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

~
Орындар саны
6
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

мектептер, гимназиялар, репетиторлық орталықтар

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/