Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - елімізде өте танымал мамандық. Мамандық мәдениеттің түрлі көріністерінің эпицентрінде, ал оның жұмысы сан алуан білімнің тоғысуында болатындығымен қызықты, олай дейтін себебіміз - мұғалім тілді біліп қана қоймай, әдетте сол тілде талқыланатын көптеген заттар мен құбылыстарды да білуі қажет.
Мұғалім балалармен мемлекеттік тіл мен жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін меңгеруге жағдай жасауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді. Балалардың бойында тұлғалық тілдік мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасайды және олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, дамуына ықпал етеді. Оқытудың сан түрлі формасын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты пайдаланады, инновациялық технологияларды қолдана біледі. Жоспарлауда ғылыми-әдістемелік тәсілдемені жүзеге асырады, дамытпалы оқытуға бағытталған сабақтардың бағдарламалық материалын жетілдіріп, түзете алады. Авторлық және альтернативті бағдарламаларды өздігінен әзірлей алады, аймақтық компонентті ескере отырып, әдістемелік құралдарды бейімдей алады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысады, әрдайым өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырып отырады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады.
Маманның бойында мейірімділік, шыдамдылық, коммуникабельділік, сыпайылық, сезімталдық, әдептілік сияқты белгілі бір мінез-құлық қасиеттерінің болуы маңызды екендігін атап өткен жөн. Материалды тиімді әрі қызықты жеткізуі үшін мұғалімнің бойында шығармашылық пен ынталандыра алу қабілеті де болуы керек. Өз пәнін жақсы мегеруі үшін табандылық, кішігірім нәрселерге назар аудару, жақсы есте сақтау, тілдесім, стиль мен қарым-қатынас жағдайын сезіну қажет болады.
Орташа жалақы 80-120 мың теңге аралығында, еңбек өтіліне, жұмыс орны мен аймағына да байланысты. Әрине мұғалім жалақысы көбінесе оның кәсіби деңгейіне де байланысты болады.
Тілдің «жалпы» құрылымын зерттеп шығу іс жүзінде мүмкін емес, өйткені шын мәнінде ол біз сөйлесетін, жазатын, еститін немесе оқитын белгілі бір нақты тақырыптарға қолданылатын құрылым. Сол себепті шет тілі мұғалімі тарихты, географияны, музыканы, әдебиетті түсіне білуі керек. Бұл мамандықтағы ерекше тармақ еліміздің мәдениетімен, тіл мәдениетін қалыптастырудағы тарихи ерекшеліктермен таныстыру болып табылады.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.
Жас маман әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Осы мамандықтың өкілдері еңбек нарығында айтарлықтай сұранысқа ие.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек