Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтарды, əсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек» деген болатын. Бүгінде аталған бағыт бойынша Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде 1-курс студенттеріне арналған «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік» тақырыбында вебинар өткізілді. Колледж психологы Шалхарбаев Е.Д. кибербуллинг ұғымы және оның түрлері мен салдары туралы мәлімет беріп, одан қорғану жолдарын білім алушыларға жан-жақты түсіндірді.
Жаңалық
2021 ж. 12 наурыз
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі