22.01.2026 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі"
“Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” бөлімінің студенттері Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Қарағанды облысының білім басқармасында
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесуде болды. Студенттер шараға белсене қатысып, кездесуде өз көзқарастарымен бөлісіп, еңбек ардагерлерінен бағыт бағдар алып шабыттанып қайтты.