Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВҚА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВҚА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ

24.11.2023 ж. күні Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловқа арналған облыстық шығармашылық байқау өтті.

Шығармашылық байқаудың ашылу салтанатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және білім беру бөлімінің әдіскері Баймағанбетова Тұрсын Мукановна, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үш бағыт бойынша өткен байқауға 38 студент қатысып, келесідей жүлделі орындарға ие болды және «Нәтиже» компаниясының сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

«Жақыным, жүрегімнің досы ̶ өлеңім» бағыты бойынша жеңімпаздар:

1-орын – Марат Алтынай Жанболатқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті. Жетекшісі: Муфталова Аққу Кусайыновна.

2-орын – Мақыжан Алданыш, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК. Жетекшісі: Мақатай Ербұлан Айтпайұлы.

3-орын – Төкенова Сабина, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ. Жетекшісі: Жолкенова Гулзада.

«Жүрегімнен, жанымнан жыр жазамын, сыр айтам» бағыты бойынша жеңімпаздар:

1-орын – Бексары Ақтілек, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ. Жетекшісі: Даулетбаева Салтанат Кусмановна.

2-орын – Еркебұлан Ислам Ғалымжанұлы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК. Жетекшісі: Касимова Бахытжамал Сагиндыковна.

3-орын – Серік Назерке Жанболатқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК. Жетекшісі: Уатаева Гүлмира Сұлтанмұратовна.

«Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын» бағыты бойынша жеңімпаздар:

1-орын – Казимова Ақниет, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК. Жетекшісі: Кадирберлина Роза Мусралиевна.

2-орын – Нұрғазы Нұркелді Нұрділдәұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК. Жетекшісі: Омарова Бакытгуль Зинелгабдиновна.

3-орын – Турсынбаева Арайлым Еркебұлановна. «Шет тілдер колледжі» ЖММ. Жетекшісі: Съязхан Бейбетгул.


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 5

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2023 ж. 29 қараша
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 29 қараша
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 29 қараша
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 29 қараша
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/