04.12.2023 ж. күні «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК мен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен облыстық "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" форумының аясында "Ұлттық нақыштағы трендтер" атты WORKSHOP форматында іс-шара өткізілді.
Іс-шараға "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бөлімінің 50 студенті қатысты. Мақсаты: Салт-дәстүр мен ұлттық бұйымдардың құндылығын арттырып, қазіргі өмірге сай трендке шығару жолдарын көрсету. Сондай-ақ, студенттер өз қолдарымен жасалған ұлттық өнімдерін ерекше тәсілмен әзірлеп, идеяларын қатысушыларға ұсынды.
Өткізген оқытушылар: Идрисова М.А., Торыбаева Г.И.