Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТАРИХИ ТАМЫРЫ МЕН ТҰҒЫРЫ» тақырыбында «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлескен іс-шара

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

08.12.2023 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «АЛАШ АЙЛЫҒЫ» аясында «АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТАРИХИ ТАМЫРЫ МЕН ТҰҒЫРЫ» тақырыбында «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлескен іс-шара өтті.

Аталған шараға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, алаштанушы Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекова, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ақын Серік Ақсұңқарұлы мен танымал әнші, сазгер Саят Әбдіғали қатысты.

Ғалым Нұрсахан Ахметқызы Алаш зиялылары мақсат еткен ұлттық бірлікті нығайту идеясына, білім мен білікке қол жеткізіп, жаһандану заманында тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосу, жерімізді сақтап, өз тарихымыз бен тілімізді қадір тұту жастардың міндеті екенін атап өтті.

Ақын Серік Ақсұңқарұлы Алаш қайраткерлерінің ұлт тарихындағы ерен еңбектері туралы айта келіп, «Қасқырдың монологі» өлеңін оқыды.

Сондай-ақ, іс-шарада колледжіміздің «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімі студенттері «Ұлтқа қызмет» қойылымын көрсетсе, «Көркем еңбек» мамандығының студенттері Алаш қайраткерлерінің портретін салып, көрме ұйымдастырды.

Колледж білім алушылары Б.Ақтайдың «Алаш аманаты» күйін тарту етіп, «Азаттық жыры», «Мәңгілік Ел» (сөзі: С.Ақсұңқарұлы, әні: Е.С.Амиров) әндерін Саят Әбдіғали мен Казимова Ақниет колледж студенттері хорымен бірге орындады


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 10

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2023 ж. 19 желтоқсан
ҚО ББД ОӘО жоспарына сәйкес «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде» оқу сауаттылығы апталығы

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 19 желтоқсан
«Қазақ күйлері» ән-күй әдеби сазды концерті

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 19 желтоқсан
"Мәнерлеп оқу" пәні бойынша ашық шара ұйымдастырылды

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 19 желтоқсан
«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты интеллектуалдық ойын

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/