Return to news and events
Новость

«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық міндеттер» атты республикалық форум

12-13.12.2023 ж. күні  аралығында  Астанада  техникалық және кәсіптік білім  беру  ұйымдарының басшыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық міндеттер» атты республикалық   форум  өтті.  
         Шараға  қатысқан  Оқу-ағарту  министрі  Ғани  Бектайұлы  Бейсембаевқа  колледж  басшылары мен орынбасарлары оқу үдерісіндегі өздерін  толғандырып  жүрген  сауалдарын қойып, ұтымды  жауаптарын  алды.         
           Бүгінгі   күні  өзекті  сұрақтардың  бірі  болып  есептелетін  бастауыш  білім  беру сыныптарында  бөлініп  оқытылатын  «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері» пәндерін болашақта оқушыларымызды  жұмысшы  мамандықтарға  немесе белгі бір кәсіпке   мектеп  қабырғасынан  икемдеу  үшін  НЕГІЗГІ  БІЛІМ БЕРУ СЫНЫПТАРЫНДА  «ЕҢБЕККЕ БАУЛУ», «БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» ПӘНДЕРІ  ДЕГЕН  АТАУМЕН    БӨЛІП   ОҚЫТУДЫ   Қарағанды   жоғары  гуманитарлық  колледжінің директоры, «Қазақстанның  еңбек сіңірген  қайраткері»  Амиров Есжан  Сарманкулович  ұсынды.
        «Көркем еңбек»  мамандығы  бойынша  қойылған сұрағымызға министрден  оң  жауап  алдық  және  алдағы  уақытта  қарастырылатынын  айтты. 
        Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрі Ғани  Бектайұлы республиканың педагогикалық  колледждері  келешекте  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім  академиясымен бірлесіп жұмыс  жасайтынын жеткізді. Бұл педагогикалық  колледждері үшін  қуанышты  және жағымды жаңалық болып  табылды.            
         Форумның  бірінші  күні  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім  академиясының   ұйымдастыруымен  өткен  «Орта  білім  беру басымдықтары контексінде колледждерде педагогтерді даярлау» атты республикалық  сұхбат  алаңына  қатыстық.
          Аталған іс-шараға Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева, Академия қызметкерлері және еліміздің педагогикалық колледждерінің  басшылары мен  орынбасарлары   қатысты.
            2 секциялық бағытқа бөлініп  жұмыс  жасаған  қатысушылар  ауылдық және шағын жинақты мектептер педагог кадрларының сапасын арттыру жолдарын, орта білім берудің мазмұнын, педагогикалық колледждердің трансформациясын, сонымен қатар тәрбие мәселелерін талқылады.  
          МЖМБС-тің және Үлгілік оқу бағдарламаларының білім беру мазмұны ерекшеліктерімен Ы. Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов; 
         Мектептер  мен  колледждерде  Біртұтас  тәрбие  бағдарламасын  жүзеге асыру ерекшеліктерін Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының  директоры Анар Тәңірбергенова;
         Ауыл  мектептері мен ШЖМ педагогтерінің қызметі туралы  Ауыл және шағын жинақты мектептер зертханасының меңгерушісі Айжан Адамбекова баяндады. 
         Педагогикалық колледждерді қолданбалы бакалавриатқа трансформациялау моделін Академияның ғылыми  қызметкері Күлжанат Болатбаева  алаң  қатысушыларына  ұсынды.


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК

Медиа новости

1 из 4

Other news and events on the topic

Новость
December 20, 2023
Областной конкурс «Лучший преподаватель предмета «Казахского язык и литературы»»

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

More details
Новость
December 20, 2023
Областной конкурс педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы»

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

More details
Новость
December 20, 2023
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

More details
Новость
December 20, 2023
Областная мероприятия на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования»

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

More details

How to find us

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Показать адрес на карте
https://kgk.mycollege.kz/