14.12.2023 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің жатақханасында Тәуелсіздік күніне орай әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды. “Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!” тақырыбында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, “Ашық микрофон” бағытында шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, жатақхана студенттері патриоттық әндер шырқап, өлең оқып өз өнерлерімен көрермен қауымды сүйсіндірді.