15.12.2023 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік –ырысым мен қазынам» атты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты: білім алушыларға егеменді, Тәуелсіз мемлекетіміздің жастарын патриотиттық рухта тәрбиелеу, өз Отанына деген құрмет пен мақтаныш сезімін жетілдіру.
Колледж директоры Е.Әміров колледж ұжымын тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, оқытушылар мен студенттерге Білім басқармасы мен Ішкі саясат бөлімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қоса колледжімізде тынбай еңбек етіп, бүгінгі күні зейнеттегі ардагер ұстаздарға алғысын білдіре отырып, Облыстық кәсіподақ ұйымының ұсынысымен Оқу-ағарту министрінің алғыс хатын табыстады.
Мерекелік шара әдеби-музыкалық ән шашумен жалғасын тапты.