Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында әдеби кездесу кеші өтті.

14.02.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «ДосболLike» акциясы аясында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында әдеби кездесу кеші өтті.
Шараның мақсаты – Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, жас ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту, танымдық көзқарасын қалыптастыру, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау.
Әдеби кездесу кешіне Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Құлпейісова Сәбира Ізбасарқызы және ата-аналар қатысып, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша баланың тұлғалық қасиетін қолдауда Бердібек Соқпақбаев шығармаларының алатын орны туралы ойларымен бөлісті. Колледж студенттері бала жанының нәзіктігі мен таңғы шықтай тазалығын қаз-қалпында ақ қағазға түсірген Бердібек Соқпақбаевтың өлеңдері мен көркем прозасымен танысты.

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 3

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 27 ақпан
ҚО ББД ОӘО жоспарына сәйкес «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде» оқу сауаттылығы апталығы

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 27 ақпан
«Қазақ күйлері» ән-күй әдеби сазды концерті

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 27 ақпан
"Мәнерлеп оқу" пәні бойынша ашық шара ұйымдастырылды

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 27 ақпан
«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты интеллектуалдық ойын

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
kar-gum@krg-edu.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/