«МЕНІҢ БАУЫРЫМ» ЕРІКТІЛЕР ЖОБАСЫ
01.03.2024 ж. күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ балалардың құқықтарын қолдауға және қорғауға жәрдем көрсету, оқушылардың оқудың қолайлы дамытушы ортасында болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенттеріне «Менің бауырым» еріктілер жобасы бойынша тренинг ұйымдастырды. Студенттер жағымды қарым-қатынас құру, жақсы әдеттердің адамның тұлғалық дамуындағы маңызы және білім беру ұйымдарында еріктілер жобасын жүзеге асыруда білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.