07.03.2024 ж. күні Қарағанды гуманитарлық колледжінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана деген ұлы есім» атты мерекелік кеш өтті. Колледж студенттері дайындаған концерттік бағдарлама өте мазмұнды болды. Студенттердің көңілді билері, әсем әндері, аспаптарда орындаған шығармалары жүрекке жылылық ұялатты. Шара барысында колледж директоры Амиров Есжан Сарманқұлұлы аруларды мерекесімен құттықтап, Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы атынан құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қоса құрметті демалысқа шыққан ұстаздар мен қызметкерлерге сыйлықтар табысталды.
Жаңалық
«Ана деген ұлы есім» атты мерекелік кеш
2024 ж. 14 наурыз
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК
Медиа жаңалықтар
1 из 8