14.03.2024 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде экологиялық сауаттылық апталығының аясында "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бөлімінің студенттері арасында " Не? Қайда? Қашан?”интеллектуалды ойыны өтті. Іс-шараның мақсаты: Білім алушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, экология саласындағы ой-өрісін кеңейту, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен ұқыптылықты қалыптастыруға ықпал ету.
Ойынға 40 студент қатысты. Студенттер экология тақырыбында өз білімдерін,дағдыларын шыңдады. Ойын барысында тәжірибелік тапсырмаларды орындап,кәсіби құзіреттіліктерін де көрсете білді.
Ойын жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
Жауапты оқытушылар:Мергенбаева А.М.,Изотова Е.В.