15.03.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Көркем еңбек» бөлімінің 4-курс студенттері дипломалды іс-тәжірибе бойынша қорытынды есеп конференциясын өткізді. Мектеп қабырғасында педагогикалық шеберліктерін шыңдаған білім алушылар көркем еңбек пәнінен сабақты жоспарлау және өткізу ерекшелігі, қолданған әдіс-тәсілдері жайында айтып, болашақ мұғалім кәсібінің маңызды тұстарын атап өтті.