29.03.2024 ж. күні «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және қолдау» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Семинарға Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанның көрнекті педагогтары мен білім беру қайраткерлері, ҚР оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Алматы қаласы «Өрлеу БАҰО» АҚФ, қалалық инклюзивті ресурстық орталық бөлімінің өкілдері, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі басшының орынбасарлары, ТжКББ ұйымдарының әдіскерлері, педагогтары, психологтары қатысты.
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушылары педагог-зерттеуші Төребаева Г.Р. «Инклюзивті білім беру пәнінің мазмұны арқылы білім алушыларды құндылықтарға тәрбиелеу», педагог-сарапшы Валиева А.Г. «Психология пәнінен үйірме сабақтары арқылы болашақ мұғалімдердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында халықаралық семинарға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.