«ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ»
11.04.2024 ж. күні Республикалық «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» және «Педагогикалық сынып» бейіндік жобалары аясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімі студенттерімен бірге, волонтерлер Амантаева Толқын мен Жанатова Жансая қаламыздағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында «МҰҒАЛІМ БОЛУ – МАҚТАНЫШ» атты кездесу кешін өткізді.
Мақсаты: Білім алушылардың жеке қабілеттері мен ерекшеліктеріне сәйкес мамандықты таңдау бойынша кәсіби бағдар беру және театрландырылған қойылым көрсету.
Кездесу кешінде студенттер мектеп-гимназия оқушыларына колледждегі мамандықтар туралы бейнебаян көрсетіп, өздері білім алып жүрген колледждің тыныс-тіршілігімен таныстырды, театрландырылған «ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ» атты қойылым көрсетті.
Жалпы іс-шараға 50 оқушы, 30 студент, 5 мұғалім қатысты.