22.04.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде 2023-2024 оқу жылы түлектерінің алдын ала жұмыс орындарын анықтау рәсімі өтті.
Аталған шараға мемлекеттік, сонымен бірге жекеменшік білім беру мекемелерінен өкілдер қатысты.
Білім беру мекемелерінің басшылары, әдіскелері мен қызметкерлері педагогикалық мамандықтар бойынша сұраныстарын ұсынды. Колледж әкімшілігі түлектерге, жұмысқа орналасуға және оқуды жалғастыру үшін ЖОО-дарына түсуге мүмкіндіктері бар екендігіне жан-жақты тоқталды