23.04.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Оқылған кітаптардың кейіпкерлеріне негізделген кітап сән көрсетілімі» байқауы өтті. Байқау барысында 8 топ – 50 студент қатысты, онда қатысушылар оқыған кітап бойынша шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жеке тұлғаның өмірлік ұстанымының қалыптасуына үлкен әсер етті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: педагогика пәнінің мұғалімі Бакеева Инабат Асланқызы және «Жігер» студенттік парламентінің мүшелері.