Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Көркем еңбек» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Жас шебер» облыстық байқауы

13.05.2024 ж. күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Жүрегіме жақын қала» тақырыбында «Көркем еңбек» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Жас шебер» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау.

«Жас шебер» байқауына облысымыздың әр өңірінен 36 өтініш түсіп, «Графика», «Кескіндеме», «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыттары бойынша дарынды, шығармашыл студенттер бақ сынасты.

Сонымен қатар, «Көркем еңбек» бөлімінің арнайы пән оқытушылары: бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесінің магистрі Кусайнова Нуржамал Дулатовна «Құрғақ киіз басу әдісі арқылы «салпыншақтар» жасау технологиясы» тақырыбында, педагогика ғылымдарының магистрі Бақбергенов Айбек Асылханович «Декоративті сызықтармен заттарға көлем беру» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізіп, Дайч Раиса Владимировна «Көркем еңбек» және «Дизайн» бөлімі студенттерінің шығармашылық жұмыс көрмесімен таныстырды.

Байқаудың ашылу салтанатында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» директорының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна мен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әміров Есжан Сарманқұлұлы қатысушыларға тілек білдірді.

Үш номинация бойынша өткен сайыс барысында қазылар алқасы құрамында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының профессор ассистенті, педагогика ғылымдарының кандидаты Манабаева Асыл Шангереевна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№2 лицейі» КММ директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, көркем еңбек мұғалімі Дюсембина Жибек Кенжетаевна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№1 балалар өнер мектебі» ҚМҚК көркемсурет бөлімінің педагогы Хуат Гүлнұр Хуатовна төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша «Графика» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

І орын: Куран Софья Александровна, Теміртау жоғары медициналық колледжі. Жетекшісі: Лозин И. Г.

ІІ орын: Казакова Елизавета Ильинична, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Бакбергенов А. А.

ІІІ орын: Сапаров Асет Идирисович, Теміртау жоғары политехникалық колледжі. Жетекшісі: Новикова В. В.

«Кескіндеме» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

І орын: Колесникова Яна, Қарағанды техника-құрылыс колледжі. Жетекшісі: Бондарева А. А.

ІІ орын: Байдильдина Камила Габдулькадировна, Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі. Жетекшісі: Боженков П. Н.

ІІІ орын: Ерікова Іңкәр Сапарқызы, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Избасаров Д. И.

«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

І орын: Туребекова Асем Кайркеновна, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Рахимбаева Т. К.

ІІ орын: Какенова Даружан Жетписовна, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі. Жетекшісі: Аманбекова Нургул Азибековна.

ІІІ орын: Алтынбекова Диана Ералықызы, Қарағанды техника-құрылыс колледжі. Жетекшісі: Искакова Диана Жылкыбаевна.


Медиа жаңалықтар

1 из 2

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 12 маусым
«Жастардың психологиялық денсаулығы. Стрестен арылу жолдары» атты релаксациялық сессия форматында «Жаспен бірге» жастар клубының кезекті отырысы

25 сентября в читальном зале Карагандинской областной универсальной библиотеки состоялось очередное заседание молодежного клуба «Жаспен бірге» в формате релаксационной сессии на тему «Психологическое здоровье молодежи. Пути избавления от стресса». Специальным спикером встречи была приглашена квалифицированный психолог нашего колледжа Күлшат Амирова, которая представила участникам содержательную и полезную информацию.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 12 маусым
Ұлттық студенттер лигасы

арагандинский высший гуманитарный колледж награждён грамотой Управления образования Карагандинской области за II место в общем командном зачёте среди девушек (I дивизион) на областном этапе Национальной студенческой лиги, по итогам 2024-2025 года Поздравляем студентов и преподавателей с заслуженной победой!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 12 маусым
«Жаңа ғасыр жастары»

25 сентября 2025 года в Карагандинском высшем гуманитарном колледже прошла веселая и увлекательная игра Жайдарман на тему «Жаңа ғасыр жастары». Во время игры зрителей впечатлили находчивость и таланты молодого поколения. Главный приз достался команде "Гумания"! I место- команда «ҚыздарParty»  II место-команда "Хайп-Тайм" III место-команда "Аманат" Благодарим всех участников! От всей души поздравляем победителей!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 12 маусым
«Экокурс» жобасы

Проект «ЭкоКурс», реализуемый в рамках Концепции развития экологической культуры «Чистый Казахстан» в Карагандинской области на 2024–2029 годы, является важной инициативой по экологическому просвещению молодёжи. В рамках этого проекта 25 сентября 2025 года прошёл конкурс «Зелёный мир», в котором студенты 2 курса Карагандинского высшего гуманитарного колледжа приняли активное участие и заняли призовое II место! Руководитель:Иляшова Ш.А.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/