Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Менің бауырым» және «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобалары аясында қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында «Өнегелі өмір» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция

16.05.2024 ж. күні «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде республикалық «Менің бауырым» және «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобалары аясында қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында «Өнегелі өмір» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: қазақ әдебиеті тарихында өздерінің қолтаңбасын қалдырып, өр тұлғасын танытқан үш бәйтерек – үш ғұмыр – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің биік өресін, шығармашылық қырын, өнерпаздық келбетін, парасаттылық болмыс-бітімін, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын таным таразысына салып зерделеу, зерттеу. Білім алушылардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануын қалыптастыру.

Конференцияға Қарағанды қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия, С.Сейфуллин атындағы гимназия, №3 гимназия және Бұқар жырау ауданы, Нұра ауданы, Осакаров ауданы мектептері оқушылары, колледж студенттері қатысты.

Пленарлық отырысты Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директоры Б.Х. Абдикерова ашып, «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» тақырыбында баяндама жасады. Қарағанды гуманитарлық колледжі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Д.К.Исатаев, ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері А.А.Кнашина, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Қ.Смағұлов, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі А.Қ.Акаева және осы мектептің оқушысы А.Ахынбек, колледж студенті Т.Б.Амантаева сөз алды.

Конференция жұмысы үш бағыт бойынша жүрді:

1-бағыт «Өлең сөздің гауһар тастай дарасы» (С.Сейфуллиннің ақындық, жазушылық қыры, зерттеушілік ізденісі, азаматтық, қайраткерлік бейнесі, өнерпаздық тұлғасы, поэзиядағы жаңашылдығы туралы);

2-бағыт «Қазақты сұлу жырға қанық еттің» (І.Жансүгіровтің үлкен парасат иесі екендігі, қоғамдық-әдеби қызметі, шығармаларының идеялық-көркемдік сипаты, өмір шындығы туралы);

3-бағыт «Бір ғажап сиқыр күш бар тіліңде ойнар» (Б.Майлиннің қаламгерлік, суреткерлік, шеберлік қарымы, дала жырларының өзіндік ерекшеліктері, драмалық шығармалары жөнінде).

Конференцияға қатысқан оқушылар мен мұғалімдерге электронды материалдар жинағы және сертификаттар берілді.


Медиа жаңалықтар

1 из 6

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 12 маусым
"Жұмысшы мамандықтар жылы: болашақ – шеберлікте" атты облыстық студенттік форум аясында "WorldSkills Karaganda – 2025" өңірлік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі.

19.05.2025 г. Управлением образования Карагандинской области в рамках областного студенческого форума" год рабочих профессий: будущее – в мастерстве "состоялась торжественная церемония открытия регионального чемпионата" WorldSkills Karaganda – 2025". Свое профессиональное мастерство в этом конкурсе защитят студенты 4 курса Карагандинского высшего гуманитарного колледжа – Сүлеймен Сезім (специальность"Дошкольное обучение и воспитание") и Оразхан Гулзана (специальность"Начальное образование").  Желаем нашим студентам успехов и высоких результатов!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 12 маусым
"Музыка әлемі" облыстық байқауының "Сольфеджио" номинациясы

14 мая 2025 года на базе КГКП Карагандинский колледж искусств им. Таттимбета, в номинации "сольфеджио" областного конкурса "Музыкальный мир" по музыкально-теоретическим дисциплинам для учащихся ДМШ, ДШИ, МММИ и студентов типо, организаций послесреднего образования, организованного региональным научно-практическим центром дополнительного образования детей "Сарыарка дарыны В Карагандинском высшем гуманитарном колледже приняли участие 5 студентов отделения" Музыкальное образование". Из 35 участников, которые пели музыкальные отрывки разного уровня "по листу", студентка 2 курса Нурманбаева Милана заняла 1 место, студенты 2 курса Егорова Анна, Подумеева Мария, студенты 1 курса Бақтыбай Жанерке, Исаенова Жасмин были награждены сертификатами участника. Руководитель: Аханова А. Г. Поздравляем!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 12 маусым
«Көркем еңбек» мамандығы 2-курс студенттерінің «Мектептегі көркем безендіру өнері» пәні бойынша практика жұмыстарының көрсетілімі.

15.05.2025 г. в Карагандинском высшем гуманитарном колледже состоялась демонстрация практических работ студентов 2 курса специальности «Художественный труд» по предмету «Школьное художественное оформительское исскуство». Студенты выполняли различные шрифтовые композиции, демонстрируя своё творческое видение. Особенно были отмечены работы по теме «Оригинальный шрифт». Руководители практики — педагог-модераторы Макенов Э.А., Беляева Е.И.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 12 маусым
Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында колледж түлектеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкесі»

16.05.2025 г. в Карагандинской области состоялась «Ярмарка вакансий» для выпускников колледжей в рамках «Года рабочих профессий». Выпускники и преподаватели Карагандинского высшего гуманитарного колледжа приняли активное участие в данном мероприятии. Молодежи Карагандинской области были представлены организации и предприятия из различных сфер деятельности, предложены вакансии по разным направлениям. С работодателями предприятий и организаций и выпускниками колледжа состоялся диалог по направлениям деятельности, профессионального роста и развития. У выпускников колледжа была возможность получить консультации Центра занятости населения.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/