03.06.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Жас педагогтар мектебі» жұмысы шеңберінде шеберлікті шыңдау мақсатында педагогика пәнінің оқытушысы И.А. Бакеева ұйымдастыруымен оқытушыларға арналған «Заманауи сабаққа қойылатын талаптар» «Блум бойынша ойлау дағдылары деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын жобалау»
тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар барысында Блум таксономиясы білімді игеруге бағытталған 6 қадам бойынша тапсырмалар орындалды.
Шараға қатысқан оқытушылар ұсынылған білім беру ресурстарының тиімділігін тілге тиек етіп өз тәжірибелерінде қолданатындықтарын айтып, оң пікірлерін білдірді. Шараға 15 оқытушы қатысты.