Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің
Lesson Study тәжірибесі WALS-2024
Халықаралық конференциясында таратылды
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі 2016 жылдан бері білім беру жүйесіне «Lesson Study» тәсілін кезең-кезеңмен енгізу жұмыстарын жүргізіп келеді. «Lesson study» және «Action research» тәсілдерін колледж оқытушыларының тәжірибесінде тиімді қолданғаннан кейін инновациялық тәсілді білім беру бағдарламаларының мазмұнына енгізуге көштік.Болашақ мұғалімдерді педагогикалық практика барысында «Lesson study» жобасына тарту тәжірибеміз WALS-2024 Халықаралық конференциясы ұйымдастырушыларын қызықтырып, үздік тәжірибеміз жалпы көпшілікке таратылды.Осы тұрғыда халықаралық деңгейде колледж ұжымының «Lesson study» бойынша үздік тәжірибесін таратуға мүмкіндік тудырған WALS-2024 ұйымдастырушылары - Педагогикалық шеберлік орталығына алғысымызды білдіреміз!Жалпы орта білім деңгейінде болып жатқан барлық қайта құрулар педагогикалық колледждерде көрініс табуы керек екені сөзсіз. Болашақ мұғалімдерге арналған «Lesson study» жобасы әрбір педагогикалық колледжде жүзеге асырылуы тиіс.