24.09.2024 ж. күні «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының «Дене шынықтыру және спорт» зертханасы ұйымдастыруымен Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Болкенбаев Азамат Тлеуович 2023-2024 оқу жылындағы «Ұлттық мектеп және студенттер лигасының» қорытындысын жасады және жеңімпаз оқу орындары мен дене шынықтыру оқытушыларын марапаттады.
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің қыздар командасы жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық студенттік лигасының облыстық кезеңінде жалпы командалық есепте І-ші дивизион қыздар арасында жүлделі II-орын иеленді.
Колледжіміздің дене тәрбиесі және спорт мамандығында білім беретін оқытушыларымыз бен студенттерімізді жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!