Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Қасым Аманжоловқа арналған облыстық дәстүрлі шығармашылық байқауы

29.10.2024 ж. күні «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында қазақ әдебиетінің даму тарихына үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған XX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткері, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловқа арналған облыстық дәстүрлі шығармашылық байқауы өткізілді.

Мақсаты: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың өмір жолы, ақындық болмысы, поэтикасы, суреткерлік шеберлігі, рухани асыл мұралары арқылы білім алушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу және шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.

Міндеттері:

- ақын өлеңдерінің кәусарына қанып, ақын талантына бас ию;

- көркем әдебиет арқылы ана тілі мерейін көтеру;

- шығармашыл, талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету;

- жас дарындардың сиясы кеппеген тың дүниелерін жұртқа таныстыру;

- туған елді, туған жерді сүюдің, оған адал еңбек етудің мәнін түсіну;

- инновациялық идеялар арқылы ақын шығармашылығымен танысу.

Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен «Гуманитарлық» және «Техникалық» бағыттар бойынша 42 студент қатысты.

Байқау үш бағыт бойынша жүргізілді. 1-бағыт: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…». Бұл бағытта байқауға қатысушы ақын Қ.Аманжоловтың сырлы да рухты, құндылығы жоғары өлеңдерін жатқа әрі мәнерлеп оқыды.

2-бағыт: «Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы...». Талапкер ақын өз шығармашылығынан 3 өлеңін ұсынды.

3-бағыт: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда...». Бұл бағытта «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «SMART BALA» жобасы аясында Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына, рухани асыл мұрасына, патриотизм, Отансүйгіштік, халық алдындағы азаматтық борыш, ұлттық өредегі сезім тақырыптары өрілген поэзиясына арналған бейнебаянды (МР3; деректі фильм, бейнетаныстырылым) ұсынды.

Төрелік жасаған қазылар алқасы:

Комиссия төрайымы: Баймаганбетова Тұрсын Мукановна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері

1- бағыт бойынша комиссия мүшелері:

1. Хасен Кәмшат Бауыржанқызы – ақын, Ж.Тәшенов атындағы сыйлықтың иегері, «Сен және мен» кітабының авторы, №56 негізгі орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі;

2. Кулпеисова Сабира Избасаровна – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегері, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;

3. Даулбаева Бибигуль Садуовна – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры.

2-бағыт бойынша комиссия мүшелері:

1. Сулейменов Асылбек Муратович – ақын, «Шәкәрім атындағы гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

2. Елеусізұлы Еркебұлан – ақын, «Қайыңды көл» кітабының авторы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері, Қазақстанның құрметті кітапханашысы;

3. Кенесбекова Салтанат Амангельдикызы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің басшысы.

3-бағыт бойынша комиссия мүшелері:

1. Қасым Гүлбаршын Медетқызы – «Жыл мұғалімі» байқауының жүлдегері; Қарағанды қаласы, «№36 ЖББМ» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;

2. Алтайбаева Еркеназ Талғатқызы – «Кеншілер мәдениет сарайы» КМҚК Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы, Мәдениет саласының үздігі;

3. Жумабаева Жайнагуль Болатовна – Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің әдіскері.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды, сертификаттар тапсырылды. Байқауға қатысушыларға «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналы табысталды. Колледж түлегі, ақын Хасен Кәмшат Бауыржанқызы байқау жеңімпаздарына өзінің «Сен және мен» атты жыр жинағын сыйға тартты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» бағыты

Гуманитарлық бағытта:

1-орын – Марат Алтынай Жанболатқызы. Жетекшісі: Темирбулатова Алма Асхатовна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;

2-орын – Төкенова Сабина. Жетекшісі: Бекмағамбет Ақнұр Қанатқызы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;

3-орын – Төлепбек Бірлік Бүркітқызы. Жетекшісі: Муханова Гүлден Тұңғышбайқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК .

Техникалық бағытта:

1-орын – Тельман Дәриға Дәуренқызы. Жетекшісі: Қабылова Перизат Төкенқызы, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ;

2-орын – Нұрлыбеков Мағжан Нұрлыбекұлы. Жетекшісі: Жақаев Ерғұлан Жақсылықович, «Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі» КММ;

3-орын – Баязит Нұрасыл Тайтөлеуұлы. Жетекшісі: Тұрғанбаева Маржан Ануарбекқызы, Қарағанды теміржол колледжі» КММ.

«Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы...» бағыты

Гуманитарлық бағытта:

1-орын –Кенжебай Еламан. Жетекшісі: Жолкенова Гулзада, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;

2-орын – Еркебұлан Ислам Ғалымжанұлы. Жетекшісі: Баймолдина Анар Сабыровна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;

3-орын – Аманқұлова Нұрдана Абушахманқызы. Жетекшісі: Бекбергенов Асет Игликович, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК.

Техникалық бағытта:

1-орын – Амангелді Медеу Медетұлы. Жетекшісі: Даулетбаева Жупар Даулетбаевна, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК;

2-орын – Жанатов Нұрым Қайырович. Жетекшісі: Жаппарова Күлпаш Женісқызы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ;

3-орын – Камбарова Айсана Сергазиевна. Жетекшісі: Конысбекова Инкар Жомартовна, «Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі» ЖММ.

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда...» бағыты

Гуманитарлық бағытта:

1-орын – Махмудова Ильмира Кахрамоновна. Жетекшісі: Касимова Алия Жумажановна. «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;

2-орын – Ахтамберлин Әділ, Бексары Ақтілек. Жетекшісі: Жолкенова Гулзада. Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі ЖММ;

3-орын – Қуаныш Дильяра Ердосқызы. Жетекшісі: Съязхан Бейбетгул. «Шет тілдер колледжі» ЖММ.

Техникалық бағытта:

1-орын – Дильманова Асель Бауржанқызы. Жетекшісі: Жаксылыкова Лаззат Сламбековна. «Бұқар жырау агротехникалық колледжі» КМҚК;

2-орын – Муханова Аида Жамантаевна. Жетекшісі: Серикова Асыл Жанатовна. «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ;

3-орын – Мүтәл Аяулым Маратқызы. Жетекшісі: Турысбекова Арайлым Есенгелдиновна. «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КММ.

Байқау барысында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі музыкалық білім беру бөлімінің 1-курс студенті Серікұлы Ақтілек Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы», студенттер хоры Ринат Гайсиннің «Армысың, туған жер!» әндерін орындады, ақын өлеңдерін жатқа оқыды.


«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 8

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 30 қазан
Қарағанды облыстық Сарыарқа телеарнасының "Сәлем, Қарағанды" атты таңғы бағдарламасына Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі "Музыкалық білім беру бөлімінің" "Арқа әуені" хоры

21.11.2025 г. в утренней программе "Сәлем, Қарағанды" (Привет, Караганда) на Сарыарка телеканале Карагандинской области гостем стал хор "Арқа әуені" Музыкального образования Карагандинского высшего гуманитарного колледжа. В программе была исполнена народная песня "Самал тау" (в обработке Галымжана Берекешева). В эфире выступили преподаватель специальных дисциплин, руководитель хора "Арқа әуені" Мамбетназарова Айжан Маханбеталиевна, преподаватель специальных дисциплин Кусаинова Азиза Куанышовна и студент 4 курса Музыкального образования Өміржан Жанасыл. Во время интервью они поделились впечатлениями о престижном культурном событии — международном конкурсе "Open Asia 2025", организованном фестивальным комитетом Испании "Fiestalonia Milenio".

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 30 қазан
1-курс студенттеріне арналған ақпараттық кездесу

20.11.2025 г. в Карагандинском высшем гуманитарном колледже состоялась информационная встреча для студентов 1 курса. В рамках мероприятия специалисты подробно рассказали об опасности религиозного экстремизма и терроризма, а также о мерах профилактики данных угроз. Студентам напомнили о важности ценить мир, соблюдать законодательство и проявлять осторожность в подозрительных ситуациях. Основной целью встречи стало формирование у молодежи культуры безопасности и повышение уровня правовой грамотности.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 30 қазан
«Алғашқы қадам – үлкен жетістік» атты мотивациялық тренинг

12.11.2025 г. в Каргандинском высшем гуманитарном колледже в рамках «Школы молодого педагога» прошёл мотивационный тренинг «Первый шаг — большое достижение». Во время тренинга были рассмотрены актуальные проблемы, с которыми сталкиваются молодые педагоги, а также обсуждены эффективные пути их решения. Участники выполнили практические задания, направленные на укрепление профессиональной мотивации, раскрытие внутренних ресурсов и развитие уверенности. Тренинг провёл педагог-психолог колледжа. Мероприятие вдохновило молодых специалистов и придало им силы для новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 30 қазан
«Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасының бірінші туры

10.11.2025 г. при организации Учебно-методического центра развития образования Карагандинской области и Темиртауского технического колледжа прошёл первый тур областной олимпиады «История независимого Казахстана». Студенты Карагандинского высшего гуманитарного колледжа, получившие путёвку во второй тур предметной олимпиады, посвящённой 560-летию Казахского ханства и проходившей под темой «Независимость Казахстана — символ свободы и единства», Секербай Мәдина и Клевцова Дарья приняли участие 14 ноября 2025 года и показали хорошие результаты. По итогам олимпиады, проведённой в рамках реализации единой воспитательной программы «Адал азамат» и проекта «Ұшқыр ой алаңы», Секербай Мәдина была награждена дипломом I степени, а Клевцова Дарья стала обладательницей сертификата. Руководители: Исатаев Дархан Касарович, Ибраева Динара Ганиевна.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/