07.11.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің Д-11-22 тобының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавриаты» біліктілігінде оқитын студенттер «Балақай» балабақшасының педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді.Семинар барысында студенттер педагогтерді GPT чатымен таныстырып, оның оқу-тәрбие жұмысындағы мүмкіндіктерін көрсетті. Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер жүйеге тіркелуді, сұраныс жасауды және сол сұраныстар бойынша нәтижелер алуды үйренді.Студенттер ұйымдастырған семинар жоғары деңгейде өтті, жемісті және мазмұнды болды.
Практика жетекшісі: Мергенбаева А.М.