05.11.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавриаты» біліктілігінде оқитын Д-11-22 тобының студенттері, «Балақай» балабақшасында өндірістік тәжірибеден өтті. «Ұлттық ойындар - баланың бүгіні мен болашағы» атты жас педагогтарға арналған облыстық семинар - практикумға қатысты. Семинар барысында студенттер облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара әрекеттесті, талқылауларға қатысып, іс-шараның практикалық бөлігінде белсенділік танытты, ұлттық ойындардың әртүрлілігі және олардың мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы маңызы туралы білімдерін кеңейтті.
Тәжірибе жетекшісі: Мергенбаева А. М