29.11.2024 ж.күні Қарағанды облысының білім басқармасында Республикалық “Үздік педагог” конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.Облыстық кезеңнің жеңімпаздарына “2024 жылдың үздік педагогі”атағының иегері болып табылатын куәлік табысталды. Конкурсқа Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Идирисова М. А. үздік педагог марапатына ие болды.