Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Мұғалім болу – мақтаныш!» тақырыбында «Болашаққа қадам: ХХІ ғасыр педагогы» кәсіби бағдар сағаты

18.11-06.12.2024 ж. күндері аралығында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім» бөлімінің 2 курс студенттері мен қала мектеп оқушыларының қатысуымен «Педагогикалық сынып» жобасы аясында «Мұғалім болу – мақтаныш!» тақырыбында «Болашаққа қадам: ХХІ ғасыр педагогы» кәсіби бағдар сағаттары өтті. Жобаға қаланың келесі оқу мекемелері қатысты: «Абай атындағы мектеп-гимназиясы», «Б.Момышұлы атындағы мектебі», «С.Сейфуллин атындағы гимназия», «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мектеп-гимназия», «Академик Е.А.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі», «Г.Потанин атындағы орта мектебі».

Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ педагогтарға ХХІ ғасырдың талаптарына сай кәсіби дағдылар мен қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған ақпарат беру және оларды ұстаздық жолға ынталандыру.

Кездесу барысында педагогикалық мамандықтың өзектілігі, білім беру саласындағы заманауи трендтер және мұғалімдердің қоғамдағы рөлі талқыланды. 45 жылдан астам тарихы бар «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» тарихы қысқаша баяндалды. Оның артықшылықтары атап өтілді: 9-11 сыныптар негізінде оқыту, сұранысқа ие мамандықтар, дәстүрді заманауи тәсілдермен үйлестіру. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, болашақ мамандықтарына қатысты сұрақтарға жауап алды. Шараға мектептің оқушылары мен мұғалімдері белсенді атсалысты.


«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 4

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 11 желтоқсан
«Жастардың психологиялық денсаулығы. Стрестен арылу жолдары» атты релаксациялық сессия форматында «Жаспен бірге» жастар клубының кезекті отырысы

25 сентября в читальном зале Карагандинской областной универсальной библиотеки состоялось очередное заседание молодежного клуба «Жаспен бірге» в формате релаксационной сессии на тему «Психологическое здоровье молодежи. Пути избавления от стресса». Специальным спикером встречи была приглашена квалифицированный психолог нашего колледжа Күлшат Амирова, которая представила участникам содержательную и полезную информацию.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 11 желтоқсан
Ұлттық студенттер лигасы

арагандинский высший гуманитарный колледж награждён грамотой Управления образования Карагандинской области за II место в общем командном зачёте среди девушек (I дивизион) на областном этапе Национальной студенческой лиги, по итогам 2024-2025 года Поздравляем студентов и преподавателей с заслуженной победой!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 11 желтоқсан
«Жаңа ғасыр жастары»

25 сентября 2025 года в Карагандинском высшем гуманитарном колледже прошла веселая и увлекательная игра Жайдарман на тему «Жаңа ғасыр жастары». Во время игры зрителей впечатлили находчивость и таланты молодого поколения. Главный приз достался команде "Гумания"! I место- команда «ҚыздарParty»  II место-команда "Хайп-Тайм" III место-команда "Аманат" Благодарим всех участников! От всей души поздравляем победителей!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 11 желтоқсан
«Экокурс» жобасы

Проект «ЭкоКурс», реализуемый в рамках Концепции развития экологической культуры «Чистый Казахстан» в Карагандинской области на 2024–2029 годы, является важной инициативой по экологическому просвещению молодёжи. В рамках этого проекта 25 сентября 2025 года прошёл конкурс «Зелёный мир», в котором студенты 2 курса Карагандинского высшего гуманитарного колледжа приняли активное участие и заняли призовое II место! Руководитель:Иляшова Ш.А.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/