04.12.2024 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі М-22 музыка бөлімінің студенттері «Балбөбек» бөбекжайы практикалық базасында педагогикалық практика аясында тәрбиеленушілерге арналған «Шалқан» орыс халық ертегісін қазақ тілінде ұсынды. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін музыка бөлімінің Д-24 және Н-24 топ студенттері ойнады. Студенттер өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, бүлдіршіндердің ыстық ықыласына ие болды. Ертегі көрінісін колледж әдіскерлері Л.Г.Шевченко мен О.Е.Елефтериади дайындады.