02.12-06.12.2024 ж. күндері аралығында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Музыкалық білім беру» бөлімінде «Дирижерлеу, дауыс қою және концертмейстерлер» ЦӘК ашық шығармашылық апталығы өтті. Барлық іс-шаралар «Біртұтас тарбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Апта бойы «Жас вокалист», «Үздік хормейстер» байқаулары, Кадирберлина Р.М. сынып - концерті, хор фестивалі өтті. Ашық іс-шаралар баспасөзде және теледидарда жарияланып, колледж әкімшілігінен жоғары баға алды.