18.12.2024 ж. күні Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығында қалалық еріктілер форумы өтті. Форумның басты мақсаты – жастар арасында еріктілік қызметті дамыту, идеялармен алмасу, жаңа жобаларды талқылау және байланыс орнату.
Бұл форумда Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің белсенді еріктілері:
Тағай Ақтоты Бекқызы (Б-22 тобының студенті),
Әмірова Ләйлә Қажымұратқызы (Қ-22 тобының студенті)
ерекше еңбектері үшін марапатталды.
Еріктілерімізді құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта табыстар тілейміз!