13.01.2025 ж. күні жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Құқықтық сауаттылық апталығының бірінші күнінде апталықтың жоспары таныстырылды. Білім алушыларға «Заң және тәртіп» атты дәріс сабағы өткізілді. Іс-шарамыз «Сіз өз құқығыңызды білесіз бе?» тақырыбында құқықтық викториналық сұрақтармен жалғасты. Жалпы шараға 40 студент қатысты.
Жетекшілер: Тарих және әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушылары А.Аяганов,
Қ.Жүніс.