20.02.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде математикалық сауаттылық апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Ж.А. Тойбекованың Lesson Study әдісі арқылы «Есептерді иллюстрациялау. Жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы байланыс» тақырыбында ашық сабағы өтті.
Оқытушы ашық сабақта құндылықтарды математикалық ұғымдармен байланыстыра отырып, қозғалыстың басталуы, бір бағыттас кездесу, қарама-қарсы бағыттағы кездесу есептерін шығару алгоритімін шебер түсіндіре білді. Сабағында пайдаланып жүрген Smart Watch, Classromscreen, Wordwall, LearningApps.org, Canva сияқты тиімді электронды білім беру ресурстарын қолданды..
Аталған білім беру ресурстары білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабақ барысындағы белсенділігін, шығармашылық ізденістерін арттыруға зор үлес қосты.
Сабаққа 24 студент қатысты.