14.02-19.02.2025 ж. күндері аралығында Қарағанды қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында ММА-дан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрі бойынша жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Желтов Егор бірінші орынды иеленді. Бұл жарыста Желтов Егор 56 және одан жоғары салмақта бес рет жекпе-жек өткізіп үш дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.