Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Жас шебер» облыстық байқауы

14.03.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Туған үйдің жылуы» тақырыбындағы «Жас шебер» облыстық байқауы өтті.

Бұл сайыс «Көркем еңбек» пәні бойынша орта білім беру ұйымдарының 8-9 сынып оқушылары арасында өткізіліп, жас өнерпаздарға өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік берді. Байқауға Қарағанды облысының әртүрлі мектептерінен келген 42 оқушы қатысты. Олар «Графика», «Кескіндеме», «Ағаш өңдеу», «Киіз басу», «Кесте тоқу» номинациялары бойынша сайысқа түсті.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлттық өнер мен қолөнерге деген қызығушылығын арттыру.

«Жас шебер» облыстық байқауының әділ әрі кәсіби бағалануы үшін қазылар алқасы тәжірибелі мамандардан жасақталды. Олардың әрқайсысы өнер мен білім саласында үлкен жетістіктерге жеткен білікті сарапшылар:

Дюсембина Ж.К. – «№2 лицей» директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Макеева М.А. – №1 балалар көркемөнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, Исмаилов С.Б. – Қарағанды қаласы білім бөлімінің эстетикалық циклдер бағыты бойынша әдіскері, «Көркем еңбек» бөлімінің арнайы пәндер оқытушылары Сергеенко Н.И., Торебаева Г.Р., Медведева Е.В.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

«Графика» номинациясы бойынша:

І орын – Әбдіхан Әмина, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, жетекшісі: Куандыкова Т.А.

ІІ орын – Тастамбекова Даяна, №97 гимназия оқушысы, жетекшісі: Козлова А.В.

ІІІ орын – Исмагулова Аида, академик Е.А. Бөкетов атындағы ЖББМ оқушысы, жетекшісі: Морозова А.А.

«Кескіндеме» номинациясы бойынша:

І орын – Тычкова Марина, №1 гимназия оқушысы, жетекшісі: Горбачева Н.А.

ІІ орын – Жұман Аружан, №3 гимназия оқушысы, жетекшісі: Гордиенко В.А.

ІІІ орын – Марусенко Ангелина, Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия оқушысы, жетекшісі: Нурмухаметова Г.М.

«Ағаш өңдеу» номинациясы бойынша:

І орын – Ивлиев Никита, Теміртау қаласы, №27 ЖББМ, жетекшісі: Амелин К.Н.

ІІ орын – Гарипов Дмитрий, Бұқар жырау ауданы, Қарақұдық ауылы, Амангелді жалпы білім беретін мектебінің оқушысы, жетекшісі: Болат М.Б.

ІІІ орын – Кәріғұлов Алихан, М. Жұмабаев атындағы гимназия оқушысы, жетекшісі: Мустафин А.Қ.

«Киіз басу» номинациясы бойынша:

І орын – Швакова Арина, Саран қаласы, №6 ЖББМ, жетекшісі: Головчанская Ю.М.

ІІ орын – Төлеутай Аянат, Ақтоғай ауданы, Қазбек Нұржанов атындағы тірек мектебінің оқушысы, жетекшісі: Ашкеева И.Т.

ІІІ орын – Тимошенко Милана, Нұра ауданы, Байтуған жалпы білім беретін мектебінің оқушысы, жетекшісі: Юдина Е.В.

«Кесте тоқу» номинациясы бойынша:

І орын – Балмағамбет Лаура, М. Мамыраев атындағы мектеп-интернатының оқушысы, жетекшісі: Дуанбекова С.М.

ІІ орын – Айдосқызы Айкен, Теміртау қаласы, Ә. Бөкейхан атындағы гимназия оқушысы, жетекшісі: Мақабылқызы Ғ.

ІІІ орын – Өмірзақ Нұрай, №6 ЖББМ оқушысы, жетекшісі: Самихан Н.

Бұл шара жас таланттардың өз қолымен жасаған туындылары арқылы туған үйдің жылуын, ұлттық дәстүрлердің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, жүлделі орын иегерлерін дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«Жас шебер» байқауы – тек сайыс қана емес, сонымен қатар болашақ шеберлер мен суретшілердің шабыт алатын алаңы.


Медиа жаңалықтар

1 из 2

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 18 наурыз
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 наурыз
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 наурыз
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 18 наурыз
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/