04.04.2025 ж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Педагогикалық факультеті мен Қарағанды облысының Білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Central Asia Innovations» халықаралық жастар форумы өтті.
Форумның мақсаты – инновациялық идеяларды анықтау және қолдау, шығармашылық әлеуетті дамыту, ғылыми тәжірибе алмасу, сондай-ақ Орталық Азиядағы білім беру мен ғылыми ортада кәсіби байланыстарды нығайту үшін студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар мен педагогтардың өзара әрекеттестігіне қолайлы платформа құру.
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Көркем еңбек» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі Төребаева Г.Р. форумның пленарлық отырысында «Білімнің жаңа көкжиегінде педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбында баяндама жасап, жоғары интеллектуалдық және ғылыми ізденісі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!