11.04.2025 ж.күні Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің және Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, алаяқтық схемалардан қорғау мақсатында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде студенттер араында ақпараттық-түсіндіру дәрістері өткізілді. Студенттер қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы, алаяқтардың айла-амалына қалай түспеу және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қаржылық алаяқтық құрбаны болмау туралы материалмен таныстырылды. Негізгі мәселелер талқыланды: дроптар деген кімдер, көлеңкелі схемаларға қатысудың салдары қандай болуы мүмкін. Дәрістің соңынды тест сұрақтарына жауап берілді. Шара 635 студенті қамтыды. Ұйымдастырушылар: Ибраева Д.Г., Игенова Н.О.