Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

“Қаныш Сәтбаев атындағы өлкетану мұражайы” ашылып, облыстық семинар өткізілді

Құрметті, Отандастар! 12 сәуір қазақ ғылымының көшбасшысы, біртуар ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні екенін білесіздер. Осы атаулы күнге орай, республикамызда Ғылым қызметкерлері күні деп белгіленді. Барлық ғылым қызметкерлерін және ғалымның есімімен аталатын барлық білім ордаларындағы әріптестерімді, ел ағалары мен осы бағытта қызмет атқарып жүрген бауырларымды шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің мектеп ұжымы да бұл күнді ерекше атап өтеді. Ғалымның 120 жылдық мерейтойы қарсаңында мектеп басшысының бастамасымен мектебімізде “Қаныш Сәтбаев атындағы өлкетану мұражайы” ашылып, облыстық семинар өткізілді. Мұражай құнды жәдігерлермен толықтырылып, “он екі мүшең сау болса, тау қопарарсың” қағидасымен 12 бөліктен тұратын ғалым инсталляциясы төрден орын алды. Академиктің табанының табы қалған Жезқазған, Жезді, Қарсақбайдан түрлі минералдарды жинақтап, білім алушылар қолмен ұстап, көзімен көрсін, туған жердің қадір-қасиетін сезінсін деген ниетпен мұражайға орналастырдық. Тау тұлғалы ғалымды тану мақсатымен қатар туған жеріміздегі майдангерлер, тыл, еңбек ардагерлерінің есімдері жас ұрпақтың жадысында сақталсын деген мақсатпен материалдар жинақтадық.

Ғұламаның мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып келе жатыр. 125 жылдық мерейтойына да, Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен бір шама жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, облыстық конференция ұйымдастырылып, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҰҒА-ның академиктары мен профессорлары, үздік шәкірттер қатысып, тағзымтас ашылып, білім ордасының қабырғасына ғалымның бейнесі бедерленіп, мектеп түлектерінің қолдауымен мурал ашылды және гранит тасқа линогравюралық портреті бәдізделді. Аудандық білім бөлімінің қолдауымен “Қаныш оқулары” мен сурет-көрме байқауы өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ғалымның ғибратты істерін жалғастырар жастарымыз жайқалып өссін деген мұратпен ұлт мүддесін ұлы мақсат еткен ұлы тұлға "Қаныш аллеясы" мектеп алаңынан бой көтерді.

Ат салысқан барлық әріптестеріммен жора-жолдастарға, жанашыр аға-бауырларға алғыс білдіреміз!

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзадан, сыясы кеппеген алғыс хат келіп жеткенде, бүгінгі күннің қуанышы еселене түсті.

P.S аудан әкімінің қолдауымен ішкі туризмді дамыту жолында бірқатар жұмыстар басталып кетті. Бағдарламаға Бұқар жыраудан бастап, Қаныш Сәтбаев, Ебіней Бөкетов сынды академиктер т.б тұлғалардың еңбектері еніп, кенінен дәріптелмек.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 14 сәуір
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 сәуір
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 сәуір
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 14 сәуір
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/