16.04.2025 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің МД-22 және МД-23 топтарының қатысуымен Қарағанды облысының «Отбасыны қолдау» орталығында психолог Смағұлтегі Салтанат Амангелдіқызымен «Кел, сырласайық, құрбым» атты тренинг өтті. Тренинг барысында отбасылық қарым-қатынас, достық қарым-қатынас,әдептілік, эмоциялық тұрақтылық мәселелері қарастырылды. Студенттер психологпен сұхбаттаса отырып, өз сұрақтарына жауап алып,кеңестерін тыңдады. Тренинг түрлі психологиялық ахуалдар мен жағымды эмоциялар тудыратын ойындармен қызықты өтті.
Жауапты педагогтер: Ахметова А.Ә., Идрисова М.А.,Орынбасарова Ж.У.