Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген Халықаралық Форумға Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі қатысып келді. Астана қаласында Nurorda мектеп лицейінде өткен IC3
«COUNSELING AS А CULTURE» халықаралық форумына Қазақстан мен Канада, Қытай, Италия, Австралия, Гонконг, Ұлыбритания елдерінен келген жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері қатысып, өзара тәжірибе алмасу алаңына айналды. Шараның басты мақсаты — білім беру ұйымдары арасындағы әріптестікті нығайту, өзара тиімді байланыс орнатып, оқушыларға кәсіби бағдар беруде қолдау көрсету еді.Форум аясында колледжіміз өз оқу бағдарламаларын таныстырып, білім беру саласындағы шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай мазмұнды кездесулер білім беру сапасын арттырып, халықаралық деңгейде жаңа серіктестікке жол ашады деп сенеміз.