24.04.2025ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Оқу сауаттылығы апталығы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті»бөлімінің студенттері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында ақын, жазушы Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасын талдау бойынша әдеби кеш өткізді.
Мақсаты – ақын шығармасын талдап,түсіну, студенттерді кітап оқуға баулу, кітап оқуды насихаттау.Жазушының көркем шығармалары арқылы студент жастарын рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
Сонымен қатар ақын, жазушыАқберен Елгезектің өмір жолы мен қоғамдағы қызметі, шығармаларындағы өмір шындығы да назардан тыс қалмады.
Іс-шараға 45 студент қатысты. Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мақатай Ербұлан Айтпайұлы