24.04.2025ж. күні Қарағанды облысы білім басқармасының “Сарыарқа дарыны” балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды облысы жастарының шығармашылық әлеуетін іске асыру және дамыту шеңберінде өңірдің талантты шығармашыл жастарын қолдау мақсатында “Жігер” облыстық жастар қозғалысының өкілдері, колледж студенттері арасында қазіргі заманғы би түрлері бойынша “STREET DANCE-2025” IX облыстық заманауи би байқауын ұйымдастырды.
Аталған байқауда Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің "SHINE" би тобы командалық номинация бойынша ерекше өнер көрсетіп, II орын иеленді.
Құттықтаймыз!
Жастарымыздың шығармашылығын қолдап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!