24-25.04.2025 ж. күндері аралығында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қарағанды өңірінің колледж студенттерінің арасында Әлімхан Ермековтың мұрасына арналған «АлашTime» форумы аясында «Quiz Time» интеллектуалды ойыны өтті. Қазақтың тұңғыш математигі, профессор Әлімхан Ермековтың мұрасына арналған интеллектуалды ойынында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттерінен құрылған «Ұлы Дала Ұландары» тобы ІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Зиялы қауымды жас ұрпаққа насихаттап, игі істерді атқарып жатқан кітапхана ұжымына алғысымыз шексіз.
Жеткешілері: Г.Т. Муканова, А.Б. Аяганов