Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің "ТІФӘ-ТІФӘ" командасы – бас жүлде иегері!
30.04.2025ж. күні Қарағанды облысы Білім басқармасының кубогі үшін колледж студенттері арасында дәстүрлі «Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысы өтті. Бұл шара жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, тапқырлық пен командалық рухты дамытуға бағытталған.
Аталған сайысқа Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің атынан «ТІФӘ-ТІФӘ» командасы қатысып, тамаша өнер көрсетіп, көрерменнің де, қазылар алқасының да ыстық ықыласына бөленді. Өздерінің ерекше әзілдерімен, сахналық шеберліктерімен дараланған команда Бас жүлдені жеңіп алып, 250 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.