03.05.2025 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұлдар, қыздар және оқытушылар құрамынан құралған командалары Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің 78-ші жеңіл атлетикалық эстафетасына қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар командасы 2-орынға, қыздар командасы 3-орынға, ал оқытушылардан құралған әйелдер командасы 2-орынға ие болды.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз, жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!