2025 жылы 14 мамыр күні "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырылуымен Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі КМҚК базасында, БММ, БӨМ, МММИ оқушылары мен ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері үшін музыкалық-теориялық пәндер бойынша "Музыка әлемі" облыстық байқауының "Сольфеджио" номинациясы бойынша Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі "Музыкалық білім беру" бөлімінен 5 студент қатысты. Түрлі деңгейдегі музыкалық үзінділерді "парақ бойынша" әндетіп 35 қатысушының ішінен 2-курс студенті Нурманбаева Милана 1 орынға ие болды, 2-курс студенттері Егорова Анна, Подумеева Мария, 1-курс студенттері Бақтыбай Жанерке, Исаенова Жасмин қатысушы сертификаттармен марапатталды. Жетекшісі: Аханова А.Г. Құттықтаймыз!