25-ші қыркүйек күні Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында «Жастардың психологиялық денсаулығы. Стрестен арылу жолдары» атты релаксациялық сессия форматында «Жаспен бірге» жастар клубының кезекті отырысы өтті.
Аталған отырыстың арнайы спикері ретінде біздің колледждің білікті психолог маманы Күлшат Амирова шақырылып, қатысушыларға мазмұнды әрі пайдалы ақпарат ұсынды.